МЕНЮ

Менің бағдарламам

  • Несие құлдығы туралы мәселе.
    Бүгінгі таңда несие алушылардың саны шектен асып кетті. Халқымыз несие мен қарыздан құтыла алмай отыр.
    Жақында қабылданған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Заң егжей-тегжейлі нақтылауды талап етеді, өйткені ол мәселелер мен процестердің барлық аясын толық қамтымайды, шешпейді.
    Сонымен қатар, "Проблемалық несие қорының" деректері бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін 90 күннен артық төлем жасалмаған жеке тұлғалардың жұмыс істемейтін несие көлемі +43,5% - ға, яғни 353 млрд. теңгеден 506 млрд. теңгеге дейін өсті
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін 60 күннен артық төлем жасалмаған жеке тұлғалардың жұмыс істемейтін несие көлемінің өсуі +44,8% құрды, яғни 384 млрд.теңгеден 556 млрд. теңгеге дейін өсті.
    Бұл мәселе ел экономикасы мен оның қауіпсіздігінің тұрақтылығы мен орнықтылығына қауіп төндіретін жағдайға алып келері сөзсіз.
    Сонымен қатар, банк қызметі туралы қолданыстағы заңнамада проблемалы қарыз алушыларға көмектесу үшін бірқатар шаралар қарастырылған, мысалы, қайта құрылымдау және медиация сияқты шаралар. Бірақ қаржы институттары қарыз алушыларға бейілділік танытпауда, сонымен қатар қарыз алушылардың мерзімінің өтіп кеткенін қалайды, өйткені мерзімі өткен кезде қаржы институттары өсімпұлдар мен айыппұлдар қолданады. Бұл олар үшін қосымша табыс береді.
    Қаржы институттары проблемалық несиелермен жұмыс істеу кезінде қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бұзуда, оның ішінде қарыз алушы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға (туыстары мен әріптестеріне) ашып береді, сондай-ақ проблемалық портфельдерді 80% - ға дейін, тіпті 90% - ға дейін жеңілдікпен коллекторлық компанияларға береді және сатады!
    Мен мыналарға қол жеткізгім келеді:
    - жеке басы туралы ақпаратты қорғау банктердің жұмыс принципіне айналуы үшін, банк қызметкерлерінің қарыз алушылар туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға ашқаны үшін оларға қатаң түрде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылады;
    - мемлекет проблемалық қарыздарды сатып алу - сату нарығын реттесін. Проблемалық қарызды сатып алудың басым құқығы қарыз алушыда болуы тиіс.
    Бүгінгі таңда еңбекке қабілетті халықтың 20% -ында мерзімі өтіп кеткен қарыздары бар және бұл тек ресми статистика. Ал біз коллекторлық компанияларға берілген қарыздарды қоспаймыз.
    Менің ойымша, коллекторлық компаниялар институт ретінде қазіргі түрінде болмауы керек. Олар қаржы нарығының толыққанды қатысушылары болуы керек және олардың қызметі банктерге қатысты заңдармен реттелуі қажет. Сонымен қатар, қарыз алушылар коллекторлық компаниялардың жұмысын бағалауға мүмкіндік алуы керек.
    Менде және менің командамда білім мен шешім тәжірибесіне негізделген идеялар мен ұсыныстар бар. Заңнамалық өзгерістер қажет, депутаттық мандат беретін өкілеттіктер мен мүмкіндіктер қажет.
    Ең алдымен мынадай іс-әрекеттер қажет:
    а) несие беру сомасы мен мерзіміне әсер ететін жеке тұлғалардың қаржылық сауаттылығы деңгейін бағалау жүйесін енгізу;
    б) біз заңдарға адамның жалақысынан несие бойынша берешекті ұстап қалу шарттарын қайта қарау бөлігінде өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар әзірлеуіміз керек, яғни, мысалы, қарыз алушының ресми жалақысы 150 000 теңге және балалары болған кезде, ұстап қалу пайызы 30% - дан аспауы тиіс, ал егер қарыз алушы үйінде мүгедек адамды бағып отырса немесе өзі мүгедектер тобына жататын болса, онда 15% - дан аспауы тиіс;
    в) қаржы институттары қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда ықтимал салдарлар туралы ақпараттың сапалы берілуін қамтамасыз етулері тиіс;
    г) проблемалық қарыз алушының қарызды сатып алудың басым құқығын қамтамасыз ете отырып, қаржы институттарының проблемалық несиелік портфельді көлеңкеден шығарып, ашық түрде орындалуын қамтамасыз ету мәселесін көтеру.

    1
  • Ана мен баланы қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы көкейкесті мәселелер.
    Мен көп балалы әйелдер үшін зейнеткерлік жасты азайтуды қолдаймын.
    Қазіргі таңда бізге жаңа мектептер, балабақшалар, тегін медициналық ауруханалар салу өте қажет.
    Қазіргі таңда бізге жаңа мектептер, балабақшалар, тегін медициналық ауруханалар салу өте қажет.
    Бүгін азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік емханалардың жұмысын оңтайландыру (атап айтқанда, терапевт арқылы тар ауқымды маманға жазылудан бас тарту, тегін дәрі-дәрмектердің, қызметтер мен квоталардың номенклатурасы мен санын кеңейту, әсіресе зейнеткерлер үшін).
    Бейінді жоғарғы оқу орындарының студенттерінің қатысуымен тұрғын үйлер мен ықшам аудандардың ауласында клубтар құру жобасын көптен бері насихаттап келемін. ЖОО тарапынан қолдау бар, қала әкімдігінің ресурстарын қосу ғана қалды.
    2
  • Қаланың өзекті мәселелері.
    Өзім Алматы қаласының тұрғыны болғандықтан, әрине, мен депутат болып сайланатын болсам, сүйікті қаламыздың көшелері мен аулаларының, аудандарымыздың жағдайын жақсарту мәселелеріне күш-жігерімді жұмылдырғым келеді.
    Мен күн сайын кездесетін мәселелерді өз көзіммен көріп-білемін:
    - азық-түлік пен қажетті тауарлар бағасының өсуі;
    - жалақы, жәрдемақы және зейнетақының төмен деңгейі;
    - теңгенің құнсыздануы;
    - автокөлік жолдарының, көлік жол айырығының нашар жағдайы;
    - қаланың төменгі жағынан (Түрксіб және Жетісу аудандары) жоғарыға (Алмалы ауданы) қарай жүретін метроның жаңа тармақтарын салу;
    - көше жарығы;
    - қоғамдық қауіпсіздіктің төмен деңгейі;
    - тұрғын үй мәселесі (соның ішінде студенттерге арналған жатақханалардың жетіспеушілігі);
    - тозығы жеткен тұрғын үйлерді қайта жаңарту;
    - кәріз жүйесінің магистральдық желілерін салу;
    - халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
    - коммуналдық қызметтер бағасының өсуі;
    - сыбайлас жемқорлық;
    - ауа ластануының жоғары деңгейі;

    - мектептер мен балабақшалардың, ауруханалар мен емханалардың жетіспеушілігі.

    3
  • Жоғарғы және тұрақты табыстылықты қамтамасыз ету
    Зейнетақы қорының жоғарғы табысты ұлттық жобаларға қатысуын қалаймын.
    Мысалы, байланыс, энергетика, жылу, мұнай-газ және тау-кен кешендері сияқты инфрақұрылымдық активтер зейнетақы және қоғамдық әлеуметтік қорлардың меншігінде немесе үлестік қатыста болуы керек. Осылайша Конституцияның азаматтардың ел байлығына меншік құқығы туралы ережесін іс жүзінде жүзеге асырады.
    4
  • Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін шешу
    Қарапайым және түсінікті Салық кодексі, әділ салықтар, қол жетімді ұзақ ақша, патенттік құқықты қолдану аясын кеңейту қажет. Сатып алудағы мемлекеттік қолдау және ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыстар.
    5
  • Әлеуметтік тұрғын үй мәселесі
    Әлеуметтік тұрғын үй мәселесі 20-40 жыл мерзімге созылатын мемлекеттің ұзақ мерзімді пайызсыз ипотека бағдарламасы арқылы шешілуі керек.
    6
  • Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту (ПИК, ПИБ, ҚС).
    Тұрғын үй қатынастары туралы заңды жетілдіру қажет. Атап айтқанда, тұрғындар өздерінің көп пәтерлі үйлерін басқаруды ұйымдастырған кезде таңдау жасай алуы керек. Асығыс өзгерістер қазірдің өзінде үйлерді күтіп ұстаудың қымбаттауына және барлық коммуникацияларды пайдалану тиімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырды.
    Көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының мүдделерін ескере отырып, осы саладағы заңнаманы жетілдіру арқылы шешу қажет деп санаймын.
    Азаматтардың конституциялық құқығы - митингілер, жиналыстар мен пикеттер өткізу бостандығын іске асыру бөлігінде - мен Айт парктерін құру керектігін ашық айтамын. Айт парк - қоғамдық іс-шаралар (арнайы хабарламасыз митингілер, пикеттер және т. б.) және қала өміріне, көлікке және т. б. зиян келтірмей өтуге болатын арнайы бөлінген, жайлы және жабдықталған орындар.

    7
  • Экология мәселесі
    Алматының басты мәселесі - экология. Ауаның тазалығы, ТЭЦ-ті және жеке тұрғын үйлерді газбен жабдықтау, сондай-ақ автокөлік иелерінің электромобильдерге көшуін ынталандыру, сонымен қатар жаңадан көлік инфоқұрылымын жасау.
    Жасыл желектер паркін күтіп ұстау және дамыту: МЖС қағидаттарына орай Алматыда су-жасыл шаруашылықтың бірыңғай операторын құру қажет.
    8
  • Осы өзекті мәселелер бойынша мен Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен және уәкілетті органдармен бірлесе отырып жұмыс жасайтын боламын.

Made on
Tilda