МЕНЮ

Стамбеков Ерлан Дәулетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Құрметті алматылықтар!

Қадірлі жерлестер!


Мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде Қаржы және бюджет комитетіне кіріп, өз міндеттерімді орындауға кірістім.

Бұл өз Сайлаушыларымнан "алыстап" кеткенімді, енді басқаша өмір сүре бастаймын дегенді білдірмейді.
Әрине, күнделікті депутаттық қызмет менің өміріме өз ізін қалдыратыны анық.

Иә, қазір мен Астанада тұрып, жұмыс істеймін, бірақ заманауи байланыс құралдарының көмегімен әрқашан сіздермен байланыста боламын және кез келген сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызға жауап беруге дайынмын.

Мұнда, менің сайтымда сіз маған тікелей немесе Алматыда тұратын және жұмыс істейтін қоғамдық көмекшілеріме телефон арқылы хабарласа аласыз:
Әбілқасымов Бауыржан Өмірсерікұлы +7 (747) 854-54-25
Маркова Наталья Васильевна +7 (702) 800-99-69
сондай-ақ Парламент Мәжілісінің аппаратындағы көмекшім –
Смағұл Баян Нұрлан Ұлы +7 (707) 997-57-79

Сайлау кезінде уәде еткенімдей, сіздерге, ең алдымен, сайттағы ЗАҢ атты қосымша парақшамдағы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутатын және өз сайлаушылары алдындағы міндеттемелерін орындамайтын депутатты кері шақырып алу тәртібі туралы хабарлағым келеді
Менің күнделікті қызметіме келетін болсақ – қазіргі таңда жаңа жұмысымның жалпы ерекшеліктерін, міндеттері мен құқықтарын зерттеумен айналысудамын, комитет жұмысына, бірнеше заң жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс топтарына қатысамын, сондай-ақ менің сайлауалды бағдарламамның жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстармен жұмыс істеудемін.
Егерде сіздер өз ойларыңызды, идеяларыңызды, өмірімізді, қаламыз бен елімізді жақсарту үшін не істеуіміз керек екендігі туралы ұсыныстарыңызды жіберетін болсаңыздар, нұр үстіне нұр болар еді.
Тек бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, елімізді жақсартып, өзгерте аламыз! Күшіміз – бірлікте!

Құрметпен,
әрқашан сіздердің Ерлан Стамбековыңыз

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Дәулетұлы Стамбековтың сайтын Әлжан Әліпбаев тегін жасады.

Made on
Tilda